Accessibility links

"Саяси тұтқындарды" қолдауға арналған белорус марафонында 500 мыңнан астам еуро жиналған


Cаяси тұтқындарды қолдау мақсатында Беларусьте өткен онлайн-марафон барысында 500 мыңнан астам еуро жиналған. Бұл жөнінде Азаттықтың Белорус редакциясы – Радыё Свабода хабарлады.

12 сағаттық марафон "Бізге бәрібір емес" деген ұранмен сенбіде YouTube арнасында өткен. Оны Беларусьтің тәуелсіз БАҚ-тары мен құқық қорғау ұйымдары ұйымдастырып, 20-дан астам БАҚ қатысқан, арасында Радыё Свабода да бар.

Акция кезінде жиналған ақшаның бәрі саяси тұтқындар мен олардың отбасына жұмсалады. Сенбі күні 355 мың еуро жиналып, жексенбіге де ұласқан. 30 шілдеде 500 мың еуродан асқан.

Жиналған ақшаның қалай бөлінетінін құрамында БАҚ өкілдері бар бақылау кеңесі қадағалайды. Онлайн-марафонға бұрынғы саяси тұтқындар, журналистер, музыканттар, жазушылары мен спортшылар, оппозиция жетекшілері қатысқан.

Ұйымдастырушылар марафонды Беларусьте көріп отырған көрермендерді қауіпсіздігін ойлауға, жеке аккаунттарынан лайк баспауға, пікір жазып, бөліспеуге шақырды. Акцияға арнаған ақшасын шетелдегі таныстарының шоты мен карталары арқылы аударуды ұсынған.

Белорус құқық қорғаушыларының мәліметіне қарағанда, қазір Беларусь республикасында мың жарымнан астам саяси тұтқын бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG