Accessibility links

Ресей тағы да Харьковты атқылады


Ресей шабуылынан Харьковта қираған үйдің бірі. 1 тамыз 2023 жыл.
Ресей шабуылынан Харьковта қираған үйдің бірі. 1 тамыз 2023 жыл.

1 тамызға қараған түні Ресей әскері Харьков қаласы мен облысына дронмен шабуыл жасады. Бұл жөнінде Харьков мэрі Игорь Тереховтің телеграм-арнасына сілтеп "РБК-Украина" хабарлады. Харьков қаласы басшысының сөзінше, жарылыс Шевченковск ауданында болған.

Харьков облысы әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов та Ресей әскері Харьков облысын атқылағанын мәлімдеген. "Суспільнi" телеарнасының журналистері Харьковтағы жарылыстан кейін жарық өшіп, кей аудандарды су тоқтап қалғанын хабарлады.

Кейінгі аптада Ресей әскері Харьков пен Харьков облысына шабуылды күшейтіп, дрон да әртүрлі зымырандар да атқылады.

31 шілдеде Ресей С-З00 зымыранымен Харьков облысын атқылағанда кемі бір адам зардап шеккен. Мәліметтер әлі нақтыланып жатыр.

Харьков облысының Новобаварск ауданына шабуыл кезінде снаряд жергілікті кәсіпорын құрылысына түсіп, 200 шаршы метр жер өртенген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG