Accessibility links

Ресей Дунайдағы украин порттарына дрондармен соққы жасады


Ресей сәрсенбіге қараған түні Дунайдағы украин порттарына дрондармен соққы жасады. Шабуылдың нәтижесінде порт және өнеркәсіп инфрақұрылымдары бүлінген. Бұл жөнінде Одесса облыстық әкімшілігінің жетекшісі Олег Кипер Телеграмда хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Измаил қаласы да соққыға ұшыраған.

"Оңтүстік" жедел басқармасының мәліметінше, камикадзе дрондары Азов теңізінен ұшырылып, Одесса облысының оңтүстігіне қарай жіберілген.

Украина әуе қорғанысы бір мезетте Киевке жасалған дрондар шабуылына да тойтарыс берген. Киев әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попконың мәлімдеуінше, оннан астам дрон анықталып, жойылған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, ештеңе де қирамады, өрт болмады, деді ол.

  • Ресей армиясы 18 шілдеден бері Украинаның Одесса мен Одесса облысына жиі соққы жасап жатыр. Бірнеше адам жараланып, қаза болған.
  • Украина билігі Мәскеу астық экспортын тоқтатқысы келеді деп санайды. Ал Мәскеу мұны 17 шілде күнгі Қырым көпіріне жасалған шабуылға жауап деп атады. Ол кезде шабуылдың салдарынан ерлі-зайыптылар опат болған.
XS
SM
MD
LG