Accessibility links

"Түркіменстан" әуе компаниясы Мәскеуге ұшуды уақытша тоқтатты


"Түркіменстан" әуе компаниясы 1 тамыздан бастап Ашғабат пен Мәскеу арасында қатынайтын рейсті уақытша тоқтатты.

Әуе компаниясы "Мәскеу аспанындағы жағдайды ескере отырып, сонымен бірге ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында" осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы компаниясы сайтындағы мәліметте айтылды.

Әуе компания жолаушылары енді Ашғабаттан Мәскеу емес, Қазан қаласына дейін ұша алады.

Кейінгі үш күнде Мәскеу екі рет дрондар шабуылына ұшыраған. Шабуылдардан "Мәскеу-Сити" іскерлік орталығының мұнарасы бүлінді. Ресей билігі Киевті айыптаған. Украин жағы әдеттегі мұндай айыптауға жауап бермейді. Дегенмен Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк дрондардың Ресей аумағына шабуылдары жиілей беретінін ескерткен.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеуге дрондардан қауіп бар екенін мойындаған, бірақ жағдайға баға беруді қорғаныс министрлігінің құзыретіне қалдырған.

XS
SM
MD
LG