3 тамызда СІМ таратқан мәлімдемеде Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі зардап шеккен қырғыз азаматымен хабарласып, заң тұрғысынан көмек беріп жатқаны айтылған.
«Таксист болып істейтін қырғыз азаматы 2023 жылғы 18 маусымда соққыға жығылған. Зардап шегуші елшілікке хабарласпады. Осы оқиғаға байланысты елшілік зардап шеккен азаматтың құқығы мен мүддесін қорғау үшін шара қолданып жатыр. Ресей сыртқы істер министрлігіне елшіліктің ресми нотасы жолданды» деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.
Мұның алдында әлеуметтік желілерде бір жолаушы таксистке жұдырық ала жүгіргені туралы видео тараған. Бұған таксистің жолаушыға салонда ішімдік ішуге рұқсат бермеуі себеп болған. Зардап шегуші полицияға шағымданған, бірақ ол мекемедегілер арызын қабылдамаған.
Қырғызстан СІМ және Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі мәселені бақылауға алғанын хабарлады.
ПІКІРЛЕР