Accessibility links

Путин шілдеде қол қойған жарлықтардың 60 пайыздан астамы құпияланған


Владимир Путин
Владимир Путин

2023 жылы шілдеде Ресей президенті Владимир Путин қол қойған құпия жарлықтар рекордтық көрсеткішке жеткен – құжаттардың 62% жарияланбаған. Бұл жөнінде "Медиазона" басылымының зерттеуінде айтылады.

Басылымның жазуынша, 27-31 шілдеде 12 құпия жарлыққа қол қойылған, бұл соғыс басталғалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Шілде айындағы көрсеткіш 1999 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен ғана аз. Ол кезде жарлықтардың 64% құпияланған. Биыл алғашқы жеті айда шыққан жарлықтардың 48% құпияланған.

"Медиазонаның" жазуынша, құпия жарлықтардың көбі соғысқа қатысқандарды марапаттаумен (кей жағдайда қаза болғандарды марапаттау) байланысты. Былтыр Ресей басқыншылығының алғашқы айларында яғни, 2022 жылы наурызда құпия құжаттардың үлес салмағы 54% құраған, енді Украинаның қайта шабуылы жалғасып жатқан тұста олардың көлемі артты, деп санайды зерттеу авторлары.

"Медиазона" жыл басынан бері жарияланған президенттің барлық жарлықтарын сараптаған. Әрқайсысының өзінің реттік нөмірі болады. Егер қандай да бір нөмірдегі жарлық жарияланбаса, демек ол құпия жарлық болғаны.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG