Accessibility links

Нигер президенті АҚШ-тан көмек сұрады


 Нигер президенті Мохамед Базум
Нигер президенті Мохамед Базум

Әскери төңкерістің нәтижесінде қызметінен шеттетілген Нигер президенті Мохамед Базум АҚШ және халықаралық қауымдастыққа қайырылып, елде конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге көмектесуді өтінді. Бұл жөнінде ол The Washington Post-та жариялаған газет бағанында жазды.

Базум өзін "кепілге алынған адам" деп атап, әскери төңкеріс "ел мен аймақ, тұтас әлемге кері әсер ететінін" атап өткен. Оның сөзінше, бүлікшілер "елдегі экономикалық және әлеуметтік реформалар, АҚШ және Еуропа елдерімен әріптестік Нигерге нұқсан келтірді" деп өз әрекеттерін ақтап алғысы келеді. Базум 2022 жылы елдің жалпы ішкі өнімі артқанын және мұғалімдер мен жұмысшылар ереуілі болмағанын алға тартқан. Ол сонымен бірге Батыс елдерінің қолдауымен Нигердің қауіпсіздігі күшейгенін де жеткізген.

Базум Нигердегі әскери төңкерісті қолдаған көрші Мали мен Буркина-Фасо билігінің әрекетін айыптаған. Оның сөзінше, бұл елдер өз азаматтарының құқықтарына нұқсан келтере отырып, "Ресейдің қылмыскер жалдамалыларын" жалдаған.

"Қастық жасаушылар мен олардың аймақтағы одақтастарының ресми шақыруымен бүкіл орталық Сахель аймағы "Вагнер" арқылы Ресейдің ықпалына ұшырауы мүмкін, бұл топтың лаңкестік әрекеті Украинада толық көрініс тапты" деді Базум.

  • Нигерде әскери төңкеріс 26 шілдеде басталған. Генерал Омар (Әбдірахман) Тчиани жетекшілік ететін президенттік гвардия президент Мохамед Базумды резиденциясында әлі күнге дейін қамап отыр. Тчиани өзін елдің жаңа президентімін деп жариялаған.
  • Бұрын Франция отары болған, әлемдегі ең кедей елдердің бірі Нигер жыл сайын шамамен 2 млрд доллар көлемінде халықаралық қауымдастықтан көмек алып келген. Дегенмен ел табиғи ресурстарға бай. Әлем бойынша уран қорының шамамен 7 пайызы осы елде. Бұған қоса, елде алты, сирек металдар өндіріледі, мұнай-газ кеніштері барланған.
XS
SM
MD
LG