Accessibility links

Латвия мыңдаған Ресей азаматына елден кетуді ұсынады


Латвия үкіметі қыркүйекте бірнеше мың Ресей азаматына елден кетуге кеңес беруі мүмкін. Бұл жөнінде сеймнің (парламент) азаматтық және көші-қон жөніндегі комиссия жетекшісі Ингмар Лидака мәлімдеді. Оның сөзінше, мәселе тұрақты тұру құжатын алуға күш салмай отырған 5-6 мың адам жөнінде болып отыр.

Ингмар Лидаканың айтуынша, Латвияда жүріп, тұрақты тұру құжатына әлі күнге дейін жаңа ереже бойынша өтініш бермеген, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырмаған Ресей азаматтығы бар азаматтарға жазбаша ескерту-хат беріледі.

Ақпаратты Латвия сыртқы істер министрлігі растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, хабарлама жіберілгеннен кейін адресаттар үш ай аралығында Латвиядан кетуге тиіс. Заңды орындамағандарға айыппұл салынады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Алайда заң бойынша, Латвияда тұру құқығынан айырылғандар елден шығарылуы керек.

  • Латвияда "ерекше мәртебеге ие" 25 317 ресейлік өмір сүріп жатыр. Ресей паспортын алмай тұрған кезде оларда Латвия азаматтығы болған, кейбірінің азаматтығы да болмаған.
  • Былтыр қыркүйекте Латвия парламенті осындай адамдардың тұрақты тұру құжаттарын 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бастап күшін жоюға мүмкіндік беретін құжат қабылдаған. Егер олар Латвияда өмір сүру құқығын сақтағысы келсе, жаңа ережеге сай тұрақты тұру құжатына өтініш тапсыруы тиіс. Ол үшін азаматтық және көші-қон істері жөніндегі басқармаға латыш тілін білетіні жөнінде куәлік пен ай сайын ең төменгі жалақы көлемінен жоғары (2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері) жалақы алатынын дәлелдейтін құжат тапсыруы керек.
  • 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмағандар 30 қарашаға дейін тағы бір рет талпыныс жасауға мүмкіндіктері бар. Олардың тұрақты тұру құжаты жыл соңына дейін созылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG