Accessibility links

Киев қан құю орталығына бомба түскенін хабарлады


Ресей әскері жіберген бомба Харьков облысындағы қан құю орталығына түсті, жараланғандар мен қаза болғандар бар. Бұл жөнінде 5 тамыз кешке Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Ол жартылай қираған нысанның суретін жариялап, оқиға орнында өрт сөндіріліп жатқанын айтты.

Мәскеу соққыға түсініктеме бермеді. Ресей әдетте азаматтық нысандарға соққы жасағанын мойындамайды.

Бомба түскен қан құю орталығы Харьков облысының шығысындағы Купянск қаласында орналасқан. Ресей әскері шілдеден бері Купянск бағытында шабуыл жүргізуге тырысып жатыр. Украина арналарының хабарлауынша, аймаққа әуеден соққы жиілеген.

5 тамызда кешке Ресей Украинаға қанатты зымырандарымен шабуыл жасады. Запорожьедегі зауыт, Хмельницкий облысындағы әуежайға да шабуыл жасалған.

Киев уақыты бойынша түнгі сағат 11 шамасында украин армиясы Ресей жағының камикадзе дрондарымен шабуылдағанын хабарлады. Әзірге толық ақпарат түскен жоқ

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG