Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаны артиллериямен атқылады. Тұтас ел аумағында әуе дабылы іске қосылған.
Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, Ресей жағы кемінде 70 ракета және дрон жіберген. Х-101 категориясына жататын 13 қанатты зымыран, теңізде шоғырланған 17 "Калибр" ракетасы, ирандық 27 дрон атып түсірілген.
Хмельницкий облысында ракета соққысының салдарынан бірнеше тұрғын үй, мәдениет үйі және автовокзал бүлінген. Облыстық әскери әкімшілік өкілдерінің хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген. Сумы облысында бір тұрғын үй қираған, бір адам опат болған.
Сенбі күні кешке Украина басшысы Владимир Зеленский Харьков облысында Ресей әскері жіберген авиабомба қан құю орталығына түскенін, жараланғандар мен қаза болғандар барын айтқан.
- Ресей әскері Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарға соққы жасап жатқанын айтады және азаматтық нысандар мен инфрақұрылымдарды бомбалағанын мойындамайды.
ПІКІРЛЕР