Accessibility links

Ресейдің Брянск облысында екі дрон атып түсірілді, Курскіде екі ауыл атқыланды


Жексенбі күні таңертең Ресейдің Украинамен шекаралас Брянск облысында Карачев ауданында екі дрон атып түсірілді. Бұл жөнінде аймақтың губернаторы Александр Богомаз мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, дрондарды әуе қорғаныс жүйесі жойған, ешкім зардап шекпеген, қираған нысандар туралы да ақпарат жоқ.

Курск облысында сенбі кешке Украинамен шекаралас жатқан Теткино ауылы атқылауға ұшыраған. Губернатор Роман Старовойт ауылға 10 снаряд түскенін хабарлады. Нәтижесінде 12 үй бүлінген: терезелері мен үйлердің алды, қоршаулары бұзылған. Рыльск ауданындағы Кулига ауылында да осыған ұқсас жайттар тіркелген.

Белгород облысында Белгород ауданындағы елді мекендер мен қала тектес Шебекино да атқылауға ұшыраған. Губернатор Вячеслав Гладков миномет пен жарықшақ снарядтар қолданылғанын айтты. Ешкім зардап шекпеген.

  • Украина жағы әдетте Ресейдің шекаралас аумағындағы атқылауларға түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG