Accessibility links

Жоғарғы сот белсенді Ерұлан Әміровтің кассациялық шағымын қарауды кейінге қалдырды


Ерұлан Әміровке бостандық сұрап, акцияға шыққандар
Ерұлан Әміровке бостандық сұрап, акцияға шыққандар

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары белсенді Ерұлан Әміровтің адвокаты мен қоғамдық қорғаушысы келтірген уәждерді тексеру үшін оның кассациялық шағымын қарауды кейінге қалдырды. Бұл туралы сот залынан Азаттық тілшісі хабарлады.

2022 жылы 16 мамырда Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты Қылмыстық кодекстің "әлеуметтік алауыздық қоздыру", "Терроризмді насихаттау", "Тыйым салынған ұйымның қызметіне араласу" баптарымен белсенді Ерұлан Әміровті кінәлі деп танып, 7 жылға соттаған. Ол желіде билікті сынайтын видеолар жариялап жүретін. Белсенді видеолардың бірінде "жиһад" туралы айтқан.

Келесі сот отырысы қашан өтетіні әзірге белгісіз. Судья Азаттық тілшісіне сот отырысынан фото, видео түсіруге тыйым салып, тек аудио жазуға рұқсат етті.

Белсенді Ерұлан Әміровтің адвокаты мен анасы сот үкіміне келіспейтінін айтып, олардың күшін жоюды талап етті. Сот алқасы белсенді Әміровті қолдап келгендерге ескерту жасап, "плакат ұстап келу — сотқа қысым" деді. Судья белсенділерге келесі сот отырысына плакатсыз келуді, айғай-шу шығармауды ескертті.

Сотта Әміровтің анасы Шәрипа Ниязбекова ұлының психикалық ауруы бар екенін айтты. Ниязбекова "изоляторға түскеннен кейін баламның денсаулығы нашарлап кетті" деді. Ол бұған дейін ұлына ресми тіркелмесе де "шизофрения" диагнозы қойылғанын айтқан.

ҰҚК абақтысындағы белсенді "суицид жасамақ болған"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:05 0:00

Әміровтің денсаулығына байланысты анасы Ниязбекованың талап-арызымен үш рет сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, арызды прокуратура мен түзеу мекемесі қолдаған. Ал Алматы облысындағы психиатриялық емхана Әміровтің аурудан айыққаны жөнінде анықтама берген.

Былтыр 22 маусымда Шымкент қалалық соты Ерұлан Әміровті ақтау туралы апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Белсендінің жақындары аппеляциялық сот қаулысына наразы болып, кассациялық шағым түсірген.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Әміровті "саяси тұтқын" деп таныған. Ол әлеуметтік желіге жариялаған видеоларында Қазақстан билігін сынап, Қазақстанда тыйым салынған "Көше партиясының" (Еуропарламент бейбіт оппозициялық ұйым дейді) наразылық шараларына қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG