Accessibility links

Алғашқы жарты жылда шетелде қайтыс болған 200-ден астам қырғыз азаматын еліне әкеліп жерлеген


2023 жылдың алғашқы жарты жылында шетелде қайтыс болған 200-ден астам қырғыз азаматын еліне әкеліп жерлеген. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстанның еңбек, көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, былтыр 12 айда шетелден 350 қырғызстандықтың мәйіті елге жеткізілген. Оның 200-ден астамы Ресейде қайтыс болған. Биыл әкелінгендердің қаншасы Ресейде қаза болғаны белгісіз. Ол туралы мәлімет айтылмайды.

Ақпаратқа қарағанда, 2021 жылы Қырғызстанға 540 мәйіт жеткізілген. Мәйіттерді елге жеткізуге мемлекет бюджетінен 45 миллион 270 мың сом жұмсалған.

Шетелде қаза болған қырғыз азаматтарының сүйегін елге жеткізу Қырғызстанның еңбек, көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мен шетел консулдықтары арқылы жүзеге асады.

Бұған дейін қырғыз парламентінде шетелде қайтыс болған азаматтардың денелерін елге тасымалдау үшін мемлекеттен көмек алу кезінде бюрократия мәселесі туындайтыны жөнінде мәселе көтерілген.

Қазіргі таңда Қырғызстанның миллионнан астам азаматы Ресейде нәпақа тауып жүр. Кейінгі 30 жылда 650 мыңнан астам қырғызстандық Ресей азаматтығын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG