Accessibility links

Италия ресейліктер мен белорустарға "алтын виза" беруді доғарды


Италия Ресей және Беларусь азамататтары үшін Investor Visa for Italy бағдарламасын тоқтатты. Бұл бағдарлама инвестиция құйған шетел азаматтарын тұрақты тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде италиялық Altreconomia журналы жазды.

Мұндай шешім Еуроодақтың ұсынысы бойынша қабылданған – Еурокомиссия былтыр наурызда ЕО елдерін ресейліктер мен белорус азаматтарын тұрақты тіркемеуге және азаматтық бермеуге үндеген.

Altreconomia мәліметінше, 2022 жылы Италия Ресейдің кемінде 32 азаматына екі жылдық "алтын виза" берген. Былтыр ресейліктер "инвестициялық виза" алу жағынан АҚШ (12) пен Ұлыбританиядан (12) озып, бірінші орынға шыққан.

XS
SM
MD
LG