Accessibility links

Ресей әскері Запорожье қаласына ракетамен соққы жасады. Қаза болғандар бар


 Ракета соққысынан төбесі құлаған Запорожьдегі храм, 9 тамыз 2023 жыл.
Ракета соққысынан төбесі құлаған Запорожьдегі храм, 9 тамыз 2023 жыл.

Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына ракетамен соққы жасады. Бұл жөнінде Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко мәлімдеді. Украина президенті Владимир Зеленский үш адамның қаза болғанын хабарлаған. Клименконың айтуынша, бір адам реанимацияға түскен.

Жергілікті билік ауруханаға 7 адам жатқызылғанын хабарлады. Үшеуінің жағдайы ауыр деп айтылады.

Запорожье облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Юрий Малашко ракета түскен орыннан видео жариялады. Онда православ храмының бұзылғаны көрінеді. Жақын маңдағы сауда орталығы да қираған.

Запорожьеге соққы жасалған аумақ, 9 тамыз 2023 жыл.
Запорожьеге соққы жасалған аумақ, 9 тамыз 2023 жыл.

Украина ақпарат құралдарының жазуынша, Ресей әскері тұрғын үйді нысанаға алған болуы мүмкін, ал ресейлік Телеграм-арналар нысана "Мотор Сич" зауыты болғанын жазды.

Геолокация дерегіне қарағанда, снарядтар қалада құрылыс жүріп жатқан нысаннан 200 метр жерге құлаған.

Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак Телеграм-арнасында соққы "Искандер" ракетасымен жасалғанын айтты.

XS
SM
MD
LG