Accessibility links

Зеленский барлық облыстағы әскери комиссариат басшыларын қызметтен алды


Украина президенті Владимир Зеленский. 8 тамыз 2023 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский. 8 тамыз 2023 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский барлық облыстағы әскери комиссариат басшыларын қорнынан алатынын мәлімдеді.

"Бұл жүйені соғыстың не екенін білетін, соғыс уақытында цинизм мен жемқорлықтың мемлекетке жасалған сатқындық екенін түсінетін адамдар басқаруы керек" деді Зеленский видеомәлімдемесінде.

Зеленский Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғаныс министрлігінің әскери комиссариаттарын тексеру бөлімінің жиынынан соң осындай шешім қабылдаған. Украина президентінің сөзінше, әскери комиссариаттарды тексеру қорытындысы бойынша 112 қылмыстық іс қозғалған. Көп жағдайда әскери комиссариаттар азаматтарды мобилизациядан босату үшін жалған құжат рәсімдеген.

Алғашқылардың бірі болып Одесса облысындағы әскери комиссариат басшысы қызметінен кетіп, артынша қамауға алынған. Ресми дерек бойынша, Донбасстағы соғыстың ардагері Евгений Борисовқа "заңсыз байыды, соғыс жағдайында әскерге барудан бас тартты" деген айып тағылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG