Accessibility links

BBC: Тағы бір ресейлік офицер Литвадан саяси баспана сұрады


Тағы бір ресейлік офицер Литваға қашып, сол жақтан саяси баспана сұрады. BBC-дің Орыс қызметінің жазуынша, оның аты-жөні Иван Королев – артиллерия әскерінің лейтенанты. Королев "Ресей ашқан соғыс, қантөгіске" қатысқысы келмегендіктен Ресейден кеткенін айтқан.

Лейтенант BBC-дің Орыс қызметіне Украинада болмағанын, бірақ оның бөлімі ондағы Ресей әскерін оқ-дәрімен қамтамасыз етумен айналысқанын айтқан.

Ол Литва шекарасын заңсыз кесіп өтіп, 10 тамызда Вильнюс вокзалында ұсталған. 11 тамызда көші-қон орталығына жіберілген. Саяси баспана туралы өтініші қаралғанша ол сол орталықта болады.

BBC-дің Орыс қызметі Королевтің айтқандарын тәуелсіз дереккөздер арқылы әзірге растата алмаған.

  • Маусым айында осыған ұқсас жолмен ресейлік әскери авиация ұшқышы Дмитрий Мишов елінен қашқан. Ол Украинадағы соғысқа қатысуға келіспейтінін мәлімдеген. Оған өтініштері қаралғанша Литвада тұруға рұқсат берген.
  • Еуроодақ елдері Ресей Украинаға басып кіргелі бері соғысудан бас тартқан немесе мобилизациядан қашқан ресейліктерге саяси баспана беру-бермеу мәселесін талқылап келеді. Бұл тұрғыда келісілген ортақ шешім жоқ. Германияның бірқатар министрлері Германия мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарына уақытша баспана беретінін айтқан. Дегенмен Еуроодақтың бірқатар елдері Чехия, Эстония мен Латвия оларды қорғауға қарсы шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG