Accessibility links

ІІМ гүл дүкенін тонаған адамды ұстамаған полиция қызметкерлеріне іс қозғады


Сатушы ақшасын төлемей гүл әкетіп бара жатқан ер адамға қарсылық көрсетіп жатыр. Шымкент. 2023 жылдың мамырындағы оқиға.
Сатушы ақшасын төлемей гүл әкетіп бара жатқан ер адамға қарсылық көрсетіп жатыр. Шымкент. 2023 жылдың мамырындағы оқиға.

Ішкі істер министрлігіне қарасты өзіндік қауіпсіздік департаменті Шымкенттегі гүл дүкенін тонаған полицейді ұстамаған учаскелік полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу амалдарын бастады. Бұл жөнінде 13 тамызда ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, өзіндік қауіпсіздік департаменті шымкенттік полицейлерге қарсы "Салғырттық" бабы (Қылмыстың кодекстің 371-бабы) бойынша іс ашқан. 10 тамызда Шымкент полициясы дүкен иесі "арыз беруден бас тартқандықтан" іс ашпағанын айтқан.

Бұған дейін Шымкентте полиция қызметкерінің 2023 жылы 8 мамырда гүл дүкенін тонап, сатушыны ұрып кеткені хабарланған. Алайда іс тек екі айдан соң ашылған. ІІМ мәліметінше, "гүл дүкенін тонаған" бұрынғы полиция қызметкерінің аты-жөні Мұхтар Беков. Полиция осыған дейін оның "19 мамырда отбасы жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен кеткенін" хабарлаған еді. ІІМ мәліметінше, Беков "Тонау" бабы бойынша қозғалған істе күдікті танылған.

Ұрлық кезінде полиция қызметкерінің жанында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқарма бастығының орынбасары да болған. Білетіндер оны видеодан таныған.

Ал гүл дүкенінің сатушысының өзі 12 тамызда полицияның әрекетсіздігіне байланысты Шымкенттен Астанаға көшуге мәжбүр болғанын айтқан.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Шымкентте полицейлер алғаш рет қылмыстық істерге тартылып отырған жоқ. Тамыздың басында Шымкентте қызметтік көлігімен жүрген полиция қызметкері қағып кеткен әйел үш күннен кейін реанимация бөлігінде көз жұмған. Полицейдің үстінен "Кездейсоқ денсаулыққа ауыр зақым келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG