Accessibility links

Ресей Айға ұшқан "Луна-25" ғылыми аппаратының алғашқы мәліметтерін алған


"Луна - 25" аппаратын алып ұшқане "Союз-2.1б" зымыран тасығышы. 11 тамыз, 2023 жыл. Ресейдің "Восточный" ғарыш айлағы
"Луна - 25" аппаратын алып ұшқане "Союз-2.1б" зымыран тасығышы. 11 тамыз, 2023 жыл. Ресейдің "Восточный" ғарыш айлағы

Ресей ғалымдары Айға ұшқан "Луна-25" құрылғысынан жеткен алғашқы мәліметтерді зерттей бастаған. Бұл туралы жексенбіде "Роскосмос" агенттігі хабарлады.

"Луна-25" аппараты 11 тамызда Ресейдің "Восточный" ғарыш айлағынан ұшырылған. Бұл - қазіргі Ресей тарихындағы алғашқы Айға ұшу миссиясы.

"Бүгін ғарышқа ұшу кезінде Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институты әзірлеген ғылыми аппаратура кешені алғаш рет қосылды" деді 13 тамызда "Роскосмостың" баспасөз қызметі. Агенттік мәліметінше, телеметриялық ақпарат олардың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсеткен.

"Луна-25" аппараты жоспар бойынша Ай орбитасына 16 тамызды шығып, 21 тамызда Ай бетіне қонуы тиіс.

"Аппараттың негізгі міндеті - "жұмсақ" қону технологиясын пысықтау. Бұл миссия Жердің табиғи серігінің Оңтүстік полюсіне қонатын алғашқы аппарат болуы мүмкін. Станция табиғи ресурстарды барлап, ғарыштық және электромагниттік сәулелердің Ай бетіне әсерін зерттейді" деп жазады ТАСС.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG