Accessibility links

Прокуратура: Есімов әкім болып тұрған кезде заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды


Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов.
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов.

Алматы қаласын Ахметжан Есімов басқарған тұста құны 7 млрд теңге болатын заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, заңсыз берілген жер телімдері сараптау кезінде анықталған.

"2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысы жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді. Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесін "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда аталған компания жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады. Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды" деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, сол жылдары Алматы қаласын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімов басқарған.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның айналасындағы адамдардың ықпалы әлсіреді деген пікір қалыптасты. Назарбаевтың кейбір туыстары лауазымды қызметтерінен айырылып, кейбірі жемқорлық бойынша қамауға алынды.

Бұған дейін сот экс-президенттің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі кейбір БАҚ мәліметінше, жалпы аумағы 37,6 гектар болатын жер телімдеріне қатысты сату-сатып алу туралы келісімдерді жарамсыз деп таныған.

XS
SM
MD
LG