Accessibility links

Украина қорғаныс министрлігі Урожайное ауылын азат еткенін хабарлады


Зеңбірекпен оқ атып жатқан украин әскері. Мамыр айы, 2023 жыл.
Зеңбірекпен оқ атып жатқан украин әскері. Мамыр айы, 2023 жыл.

Украина әскері Донецк облысында Урожайное ауылын орыс күштерінен азат етті. Бұл жөнінде Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр мәлімдеді.

"Урожайное ауылын азат етті. Біздің жауынгерлер сыртта күш алып жатыр. Қайта шабуыл амалдары жалғасып жатыр" деп жазды ол Телеграм-парақшасында.

Дүйсенбі күні Маляр украин әскері Донецк облысындағы Урожайное ауылында "белгілі бір жетістіктерге жетті" деп хабарлаған. Бұл елді мекен украин әскеріне Ресей күштері басып алған Бердянск пен Мариупольге жол ашады.

Өткен демалыста ресейшіл блогерлер орыс әскері Урожайное ауылынан шегіне бастағанын жазған. Украин жауынгерлері елді мекенге 8 тамызда басып кіре бастаған. Бұл елді мекенде Ресей әскерінің Мокрые Ялы өзені жағасындағы бекінісі шоғырланған. Орыс әскерінің шегінгені туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

Ресей қорғаныс министрлігі кейінгі күндері Ресей авиациясы Урожайное мен Старомайорское елді мекендеріндегі "Украина әскері мен техникасы шоғырланған" орындарға соққы жасағанын мәлімдеген.

Ресейлік "Восток" батальонының Телеграм-арнасы 15 тамызда таңертең Урожайное ауылынан айырылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG