Accessibility links

Қазақстанда ресейлік "Царьград" сайты жабылды


"Царьград" телеарнасының иесі ресейлік кәсіпкер Константин Малофеев.
"Царьград" телеарнасының иесі ресейлік кәсіпкер Константин Малофеев.

Қазақстан аумағында ресейлік "Царьград" телеарнасының сайты жабылды. Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігінің мәліметінше, сайт "экстремизмді насихаттағаны үшін" жабылған. Бұл жөнінде Masa.media сайты жазды.

Министрлік сайтындағы ақпаратқа қарағанда, ведомство бұған дейін телеарнаға төрт рет ұйғарым шығарған. Соңғысы "Казахские националисты терроризируют русских женщин накануне Дня Победы" (Қазақ ұлтшылдары Жеңіс күні қарсаңында орыс әйелдерін қорқытып жатыр) атты мақалаға байланысты шығарылған. Қазақстандағы жабылған ресурстарды қадағалайтын Kaz Blocking Tracker сайтының мәліметінше, телеарна сайты қазір Қазақстанда жабық.

Роскомнадзор мәліметінше, Мәскеуде тіркелген сайт орыс, ағылшын және армян тілдерінде хабар таратады. 2020 жылы шілдеде YouTube "Цельград" арнасын бұғаттаған. Видеохостинг иесі Google компаниясы аккаунт экспорт заңнамасын бұзды деп мәлімдеген.

"Царьград" сайтының негізін Ресейдің Украинаға басқыншылығын қызу қолдайтын ресейлік кәсіпкер Константин Малофеев қалаған. Малофеев 2014 жылдан бері АҚШ пен Еуроодақтың санкциясына ілінген. Оны Украина шығысы мен Қырымдағы сепаратистерді қаржыландырды деп айыптаған. Осыған орай АҚШ-та оның 5,4 млн доллар қаражаты бұғатталған. Биыл АҚШ бас прокуроры Меррик Гарланд қаражатты Украинаның қажеттіліктерін өтеуге жұмсауға рұқсат берген.

Биыл маусымда журналист-зерттеушілер Константин Малофеевтің аннексияланған Қырымда зәулім шипажайы бар екенін жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG