Accessibility links

"Алғашқы ресейлік смартфон" санкциядан жалтару үшін нотификациясын Қазақстанда тіркеген


Ресейде шығарылатын "бірінші смартфон" "Р-Фон" 40 мың рубльден (430 долларов) сатылмақ. Мамандар бұл іс жүзінде нарықта 17 мың рубльге (183 доллар) бағаланған ОС Linux базасы негізінде құрастырылған қытайлық телефон екенін айтады.

"Р-Фон" телефонын Ресейдің бұрынғы байланыс министрі Леонид Рейманға тиесілі "Рутек" компаниясы шығармақ. Оның Зеленоградтағы зауыты Ресей армиясына арнап рациялар шығарады, ал Рейманның өзі талай жемқорлық дауына ілінген.

Бұл телефонның суретін Телеграм каналында Ресейдің әлеуметтік желі және мессенжерді кәсіби қолданушылар қауымдастығының төрағасы Владимир Зыков жариялады. Ол бұл құрылғы келесі жылы нарықта сатыла бастайтынын мәлімдеген.

"Оның бөлшектері Ресейде жасалынбайтыны анық, бірақ мұндай телефон бұрын-соңды болған емес", - деген Зыков телефонға "Made in Russia" деп жазылатынын да ескерткен.

"Жаңа ресейлік телефонды" Еуразия экономика комиссиясының құралдары мен тауарлары туралы сипаттама жазылатын "бірыңғай реестрден" оңай табуға болады. Реестрдегі ақпаратқа қарағанда, оны штаб-пәтері Гонконгта шоғырланған Bopel Mobile Technology Co Limited компаниясы шығарған.

Ондағы мәліметке сүйенсек, "Рутек" оның нотификациясын Ресей емес, Қазақстанда тіркеген. Mobiltelefon.ru сайты сарапшыларының пікірінше, Ресей мұны санкциядан жалтару үшін жасап отыр.

2007 жылы The Wall Street Journal басылымы "Рутек" компаниясы "Р-Фон" смартфонын шығарғалы жатқанын, бұл мақсатта немістің Siemens компаниясы тиімді келісімге қол жеткізу үшін ресейлік әріптестерінің "кеңірдегін майлауға тырысқаны" жөнінде хабарланған.

Онда сонымен бірге "Связьинвест" компаниясы 2002 жылы Siemens компаниясымен құрылғылар сатып алу үшін 150 млн долларға келісімге келгенін де атап өткен. Siemens сол кездері компанияға тағылған айыптарды жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG