19 тамызда таңертеңгі сағат 6-да Балқаш – Приозерск автожолында Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 және Honda Odyssey көліктері соқтығысқан. Жол апатынан 9 адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлады polisia.kz сайты.
Бір жолаушы медицина мекемесіне жеткізілген.
Жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сараптама тағайындалған. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат айтылмайды.
Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы қаңтар мен маусым аралығында Қазақстанда жол апатынан 300-ден астам адам қаза болған. Қалған өңірлермен салыстырғанда Алматы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жол апатынан көп адам өлген.
ПІКІРЛЕР