Accessibility links

ҰҚК: Қазақ-қырғыз шекарасында "заңға қайшы әрекеттерді болдырмас үшін кешенді шара жүріп жатыр"


Қазақ-қырғыз шекарасындағы көліктер. 22 тамыз 2023 жыл.
Қазақ-қырғыз шекарасындағы көліктер. 22 тамыз 2023 жыл.

ҰҚК-ның шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі көбейген тұста мәлімдеме жасап, шекара маңында ешқандай шектеу енгізілген жоқ деді.

Қазақстанның шекара қызметі шекара маңында және өткізу бекеттерінде заңға қайшы әрекеттерді болдырмас үшін кешенді шара жүріп жатқанын айтады.

"Қандай да бір шектеулер енгізілген жоқ, өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс жатыр, тексеру уақыты регламентке сай сақталған. Шекарада жиналған көлік саны қазіргі маусымға тән" дейді баспасөз хабарламасында.

22 тамызда қазақ-қырғыз шекарасындағы "Ақ Тілек" өткізу бекетінде жүк көліктерінің ұзын кезегі пайда болған. Жүргізушілер Азаттық тілшілеріне кезекте 500 көлік тұрғанын, қазақ шекаралары күніне 5-6 көлікті өткізіп жатқанын айтқан.

21 тамыз кешкісін Қырғызстанның шекара қызметі өткізу бекетінде шамамен 370 көлік кептелісте тұрғанын хабарлады. Ведомства 20 тамыз таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін Қазақстан үш көлікті ғана өткізген. Қырғыз тарабы қазақстандық әріптестермен бұл мәселе бойынша кездесу өткізетінін айтады.

Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа шекарадағы жағдайдың себебі кедендік қызмет емес деді.

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі бұған дейін де бірнеше рет болған. Соңғы рет Қырғызстан шекара қызметі шекарадағы жүк көліктердің көбеюін ауыр шаруашылық тауарларының экспортының өсуімен түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG