Accessibility links

Сырдарияда суға кеткен 11 адамның соңғысының мәйіті табылды


Сырдария өзені
Сырдария өзені

23 тамызда төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Отырар ауданында Сырдария өзеніне суға батқан 11 адамның барлығының сүйегі табылғанын хабарлады. Құтқарушылар бүгін, 23 тамыз түскі сағат үш шамасында суға батқан қыздың мәйітін тапқан. Бұған дейін суға кеткен он адамның сүйегі табылған еді.

Қайғылы оқиға 21 тамызда түстен кейін Көксарай елді мекенінен үш шақырымдай жерде болған. Өзенге батып мерт болғандардың ішінде кәмелет жасына толмаған сегіз бала бар.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, қаза болғандар – Көксарай ауылында тұратын төрт ағайынды отбасының мүшелері. Суға шомылуға барлығы 20 адам барған.

Шілде айының басында ТЖМ шомылу кезеңі басталғалы 59 адам, оның ішінде 19 бала суға кеткенін хабарлады. Құтқарушылардың айтуынша, адамдардың көбі шомылуға тыйым салынған жерлерде суға кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG