Accessibility links

Украина әскері Запорожье облысындағы Работино селосын азат еткенін хабарлады


Украина қарулы күштері Запорожье облысындағы Работино селосын азат еткен. Бұл жөнінде 47-бригада жауынгерлері телеграм-арнасында мәлімдеді. Кейінгі айларда мұнда қызу шайқас жүрген. Әскерилер жариялаған суретте қираған ғимараттың үстінде Украина туы тігілгені көрінеді.

Бұған дейін Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр 47-бригада жауынгерлері селосына кіргенін мәлімдеген. Киев азат ету туралы ақпаратты әзірге ресми түрде растамады.

Ресей әскері Работино селосын 2022 жылдың наурызынан бері ұстап отырды. Шағын ауылдың ауданы небәрі 3 шаршы шақырым. Ресми ақпаратқа қарағанда, соғысқа дейін ауылда тұратын адамдардың саны 500-ге жетпеген. Әскери сарапшылар бұл елдімекеннің маңызын бірнеше рет сөз еткен. Село Ресей әскерінің ірі логистикалық хабы орналасқан Токмак қаласына баратын автожолды басқаруға мүмкіндік береді.

Ресей қорғаныс министрлігі украин әскерінің хабарына түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG