Accessibility links

Ресей әскері Украина тәуелсіздік күнінде Днепр қаласын атқылады


Днепрге шабуылдың салдары. 24 тамыз 2023 жыл.
Днепрге шабуылдың салдары. 24 тамыз 2023 жыл.

24 тамыз – Украина тәуелсіздік күніне қараған түні Ресей әскері Днепрді зымыранмен атты. Бұл туралы Днепропетровск облыстық әскери әкімшілік басшысы Сергей Лысак телеграм-арнасында жазды. Жеті адам жараланып, оның алтауы ауруханаға жатқызылған.

Лысактың айтуынша, көлік нысаны, екі тұрғын үй, банк, жанармай құю бекеті, қонақ үй, агрофирма, жиһаз шығаратын кәсіпорын мен әкімшілік ғимарат, бұдан бөлек автокөліктер, автобустар, су және газ құбырларына зақым келген.

Ресей әскері қалаға бірнеше зымыранған атқан, Сергей Лысактың мәліметінше, оның біреуі атып түсірілген.

Ресей Днепрге жасалған соққы туралы түсініктеме бермеді.

Бейсенбіге қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі украин дрондары шабуылдағанын айтты. Ақпаратқа қарағанда, Брянск облысында екі дрон, Калуга облысында бір дрон атып түсірілген. Өңір басшылары зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.

Украина да дрондар шабуылы жөнінде ештеңе демеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG