Украина қарулы күштері Америка және британ әскери басшыларымен кеңескеннен кейін тактикасын өзгертті. Кездесу поляк-украин шекарасында тамыздың ортасында өткен. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген The Guardian басылымы жазды.
"Запорожьедегі майданға басымдық беріп жатқанын көріп отырған боларсыздар" деді дереккөз басылымға.
Кездесуге Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный, НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің жетекшісі генерал Кристофер Каволи, сонымен бірге Ұлыбританияның қорғаныс штабының бастығы Энтони Радакин қатысқан.
Кездесу поляк-украин шекарасындағы құпия орында өткен, ол шамамен 5 сағатқа созылған. Әскери қызметкерлер Украинаның қайта шабуылын, 2024 жылға арналған әскери жоспарын талқылаған.
Басылымның жазуынша, бұған дейін Радакин Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен.
ПІКІРЛЕР