Accessibility links

Житомир облысында екі украин ұшағы соқтығысып, ұшқыштар қаза болды


Житомир облысында екі ұшақ соқтығысқан жер.
Житомир облысында екі ұшақ соқтығысқан жер.

Украинаның Житомир облысында әскери тапсырмаларды орындау кезінде Украина әуе күштерінің L-39 екі жаттығу-әскери ұшағы соқтығысып, үш ұшқыш қаза болды.

Әуе күштерінің хабарлауынша, қаза болғандар арасында Украина тактикалық авиация бригадасының ұшқышы Андрей Пильщиков та бар. Ол былтыр ақпан-наурыз айларында Киевтің әуе қорғанысына қатысып, танымал бола бастаған. Украина және Батыстың ақпарат құралдарына берген сұхбатында ол Украинаға соңғы үлгідегі жойғыш ұшақтарын беруге талай үндеген.

Азаттықтың Украин қызметінің жазуынша, екі ұшақ жеке үйдің бау-бақшасына түскен. Үй мен апат болған орын арасы шамамен 300 метр. Жергілікті тұрғындардан ешкім зардап шекпеген.

Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы апаттың жай-жапсарын зерттейді. Ұшақтардың техникалық жағдайы мен ұшқыштарды дайындау ережесін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылмақ.

XS
SM
MD
LG