27 тамызға қараған түні Ресейдің Курск қаласында бір дрон көпқабатты тұрғын үйге түсті. Ешкім зардап шекпеген.
Курск облысының губернаторы Роман Старовойт дрон Карл Маркс көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйге түскенін хабарлады. Бірнеше қабаттағы пәтерлерлердің терезелері шағылған, көрші аграрлық университет корпусының да терезесі бүлінген.
Ресей қорғаныс министрлігі 27 тамызға қараған түні әуе қорғанысы Курск және Брянск облыстарында екі дрон атып түсірілгенін мәлімдеді. Ведомство атып түсірілген дрон көпқабатты үйге құлаған дрон ба, әлде басқасы ма, ол жағын нақтыламады.
- Ресейдің Украинамен шекарадағы Белгород, Брянск, Курск облыстары кейінгі уақытта артиллериялық атқылаулар мен дрондар шабуылына жиі ұшырап жатыр. Украина жағы оқиғаға түсініктеме бермеді.
ПІКІРЛЕР