Accessibility links

Румынияда газ станциясы жарылып, бір адам қаза болды, шамамен 60 адам жарақаттанды


Румынияның Креведия қаласы. 26 тамыз 2023 жыл.
Румынияның Креведия қаласы. 26 тамыз 2023 жыл.

26 тамызда Румынияның Креведия қаласында газ станциясы жарылып, соңы өртке ұласты. Бір адам қаза болып, шамамен 60 адам жарақаттанды. Зардап шеккендердің басым бөлігі – 40 шақты адам – өрт сөндірушілер.

Азаттықтың Румын редакциясының жазуынша, бірінші жарылыс станция жұмысшылары отын толтырылған цистернаны қосқан кезде болған. Бұдан соң өрт шыққан. Екі цистерна отқа оранып, жалын маңында тұрған бір үйге жайылған.

Алғашқы жарылыстан кейін шамамен екі сағаттан соң екіншісі болған. Кей ақпарат құралдары жарылыс көп болғанын жазды, алайда ақпарат ресми түрде расталмады.

Румынияда Еуропаның азаматтық қорғаныс механизмі іске қосылған. Осы механизм аясында ауыр жарақаттанған екі өрт сөндіруші әскери ұшақпен Брюссельге жеткізілген. Тағы екі азамат Италияға әкетілген. Румынияға Австрия, Норвегия, Германия және Болгария да көмек ұсынған.

Құтқару операциясы аймағынан үш мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған. Бухарест –Плоешти (Креведия ауданы) трассасы бойындағы қозғалыс екі бағыт бойынша да тоқтаған.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Румыния бас прокуратурасы апатты зерттеп жатыр.

XS
SM
MD
LG