Accessibility links

Алматыда жеңіл автокөлік автобус аялдамасында тұрған адамдарды қаққан


Алматыда бүгін, 28 тамызда Абылайхан мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы автобус аялдамасында тұрған адамдарды жеңіл автокөлік келіп соғып, кемінде жеті кісі зардап шеккен. Жол-көлік оқиғасы туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның дерегінше, Абылайхан даңғылымен оңтүстік бағытқа қарай жеңіл автокөлік айдап келе жатқан, 1987 жылы туған азамат Райымбек даңғылына жеткен кезде сол жаққа бұрылмақшы болған. Бірақ көлік тізгініне ие бола алмай, жеңіл машина автобус аялдамасына барып соғылған.

"Жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шеккен, олар медицина мекемесіне жеткізілді" деп хабарлады полиция.

Еуропа одағының статистика қызметінің (Еуростат) дерегі бойынша, Қазақстан жол-көлік оқиғасының көптігі жағынан әлемде бесінші орында тұр. Жолда жүру ережесі мен қауіпсіздік техникасы талаптарын орындамау салдарынан елде көлік апаты жиі болады деп түсіндіреді мамандар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG