Accessibility links

Тәжікстанда жауыннан кейін көшкін жүріп, 13 адам қаза тапты


Тәжікстандағы көшкін. 27 тамыз 2023 жыл.
Тәжікстандағы көшкін. 27 тамыз 2023 жыл.

Тәжікстанда нөсер жауыннан кейін 9 қала мен ауданда көшкін жүріп, 13 адам қаза тапқан. Вахдат қаласында 11 адам, Рудаки ауданында екі адам қаза болған. Бұл туралы Тәжікстан төтенше жағдай комитеті хабарлады.

Комитеттің Азаттықтың Тәжік қызметіне айтуынша, құтқарушылар екі адамды көліктен шығарып үлгерген.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Тәжік президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рахмон премьер-министрге, төтенше жағдай комитетіне және азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді және апаттың салдарын зардап шеккен елдімекендерді тез ретттеуді тапсырған.

Тәжікстан төтенше жағдай комитеті көшкін қаупі сейілмегенін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG