Accessibility links

Тоқаев: АЭС мәселесін референдум арқылы шешкен жөн


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламентте халыққа жолдау жариялап тұр. Астана, 1 қыркүйек, 2023 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламентте халыққа жолдау жариялап тұр. Астана, 1 қыркүйек, 2023 жыл.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда қызу талқыланып жатқан атом электр станциясын салу мәселесін "референдум арқылы шешкен дұрыс" деп мәлімдеді.

"Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз" деді Тоқаев 1 қыркүйекте парламент мінберінен жариялаған халыққа жолдауында.

Биыл жазда энергетика министрлігі АЭС бойынша референдум өтпейтінін мәлімдеген соң қоғамда "билік неге уәдесін орындамай жатыр?" деген сұрақ туындаған. 2019 жылы билік АЭС салу мәселесін қайта қозғаған кезде президент Тоқаев "қажет болса, бұл мәселе бойынша референдум өткіземіз" деп мәлімдеген.

Тоқаевтың бұл мәлімдемесінен кейін 1 қыркүйекте кейбір сарапшылар "ал елде референдум әділ өте ме?" деген сұрақ қойды.

Қазақстан билігі АЭС бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ деумен келеді. Ал кейбір экологтар "билік станция салу мәселесін баяғыда халықсыз-ақ шешіп қойған, енді тек көзбояушылық арқылы халықпен санасқандай кейіп танытып жатыр" деп жуырда Үлкен ауылында өткен "жария талқылауды" меңзеген.

"Станция салуға қолайлы орын" деп танылған Алматы облысы Үлкен ауылында 22 тамызда АЭС бойынша жария талқылау өтіп, қарама-қайшы көзқарастағы адамдардың айғай-шуымен аяқталған. Шарадан кейін энергетика министрлігі "Үлкен ауылының тұрғындары АЭС-ті қолдайды" деп мәлімдеді. Ал оған қатысқан өзге өңірлерден барған экологтар, белсенділер "станция салу мәселесін тек Үлкен емес, тұтас республика халқы шешу керек" деп айтқан.

"Тоқаев, рақмет!" немесе АЭС бойынша жария талқы қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:56 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG