Accessibility links

Ресей қалаларына дрондар шабуылдады


Курск АЭС-і.
Курск АЭС-і.

1 қыркүйекте ресейлік Курск атом электр станциясы орналасқан Курск облысындағы Курчатов қаласына бір дрон шабуыл жасаған. Бұл жөнінде Курск облысының губернаторы Роман Старовойт телеграм-арнасында хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратқа қарағанда, дрон адам тұрмайтын ғимаратқа соғылған, ғимараттың сырты бүлінген.

Алғашында Роман Старовойт екі украин дроны шабуылдағанын айтқан, кейін бір дрон екенін хабарлады. Киев шабуылға түсініктеме бермеді.

Курчатов қаласы — Ресейдің Украинамен шектесетін Курск облысында орналасқан.

1 қыркүйекте Ресейдің әуе күштері Мәскеу маңындағы Люберцы қаласының маңында бір дронды атып түсірген. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин хабарлады. Айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Мәскеу әуежайларында тағы да "Ковёр" режимі жарияланған. SHOT телеграм-арнасының мәліметінше, Внуково әуежайында 16 рейс кешігіп, 6 рейс тоқтаған. Ал Домодедово әуежайында 14 рейс тоқтатылып, 19 рейс кешіккен. РИА Новости жазуынша, 32 рейс кешіккен, 20 рейс тоқтаған.

"Ковёр" режимі кезінде әскери және құтқару ұшақтары мен тікұшақтарынан басқасы жерге тез қонуы тиіс не режим жарияланған аймақтан кетуі керек.

Кейінгі уақытта Мәскеу қаласына дрондар шабуылы жиілеген. Осы тұста Қазақстанның авиация әкімшілігі Ресейге ұшатын қазақстандық әуе компанияларға "қауіп-қатерлерді бағамдау бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы нұсқаулық жіберген". Қазір Қазақстан мен Ресей арасында қазақстандық SCAT және Qazaq Air компаниялары, ресейлік Аэрофлот, Азимут, Red Wings компаниялары ұшады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG