АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға алғаш рет азайтылған ураны бар құрыш бұзар снарядтарды жеткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде тиісті құжатпен танысып шыққан Reuters агенттігі жазды. Шешім қабылданғанын агенттікке өзге де екі ресми дереккөз растаған.
Американың Украинаға жіберейін деп отырған жаңа әскери пакетінде Ресей танкілерін тесіп өтетін снарядтар да қарастырылған. Бұл әскери пакет жөнінде хабарлама алдағы аптада айтылады.
Сөз болып отырған снарядтарды Abrams танкілерінің зеңбіректері пайдаланады. Жағдайдан хабары бар дереккөздің айтуынша, Abrams танкілері Украинаға "алдағы апталарда" жеткізіледі.