Accessibility links

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын ауыстырды


Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжілісте. Астана, 19 қазан 2022 жыл.
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжілісте. Астана, 19 қазан 2022 жыл.

4 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылды. Оның орнына Қазақстан сенатының мақұлдауымен президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болған Тимур Сүлейменов тағайындалды.

Сүлейменов 2016-2019 жылдары Қазақстанның ұлттық экономика министрі болды. Кейін ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылы Сүлейменов елдің уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды. Сол жылы Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметтен кететінін мәлімдеп, орнына сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты уақытша президент етіп қалдырған еді.

Тимур Сүлейменов әр жылдары экономика және бюджетті жоспарлау, экономикалық даму және сауда министрлігінде қызмет атқарған. Мәскеудегі Еуразия экономикалық комиссиясында экономика және қаржы саясаты бойынша министр болған.

1 қыркүйектегі жолдауынан кейін Тоқаев Қазақстан үкіметі мен президент әкімшілігінің құрылымын өзгертіп, бірқатар орталық мемлекеттің органның басшысын ауыстырды. Ауыс-түйістер әлі жалғасып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG