Accessibility links

"Украин диверсанттарының" Брянск облысына "рейді" кезінде ресейлік шекарашылар қаза тапқаны айтылды


Ресей тарабы 5 қыркүйекте Украинамен шектесетін Брянск облысына "украин диверсанттарын" кіргізбедік деп мәлімдеді. Бұл жөнінде аймақтың губернаторы Александр Богомаз телеграм-арнасында хабарлады. "Медуза" сайтының жазуынша, Украина "Орыс еріктілер корпусы" Ресей тарапынан екі шекарашы қаза болғанын айтқан.

Бұған дейін Baza телеграм-арнасы 4 қыркүйек таңертең Подывотье ауылы жақтан шамамен 15-тен 30-ға дейін "украин диверсанты" Брянск облысына өтпек болғанын хабарлады. Baza дереккөзі Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) бір шекарашысы қаза болғанын, бірнеше әскери жараланғанын айтқан. "Орыс еріктілер корпусы" Брянск облысындағы бұл әрекетті өз мойнына алды.

31 тамызда ФСБ мен Брянск облысының билігі ел аумағына "украиналық диверсанттар тобы" кірмек болғаны жөнінде мәлімдеді. Барлау қызметі екі "жауынгер" өлтіргендерін, бес адамды ұстағандарын айтады.

Украина әскерінің халықаралық легионы құрамындағы ресейлік эмигранттардан жасақталған "Орыс еріктілер корпусы" мен "Азат Ресей" легионы бұған дейін Белгород пен Брянск облыстарында бірнеше рейд жүргізген. 31 тамызда "Орыс еріктілер корпусы" Курск облысындағы әскери аэродромға дронмен шабуыл жасағанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG