Accessibility links

Өзбекстан көп әйел алуға насихаттағандарды әкімшілік жауапқа тартпақ


poligamy
poligamy

Өзбекстанда екі немесе одан да көп әйелмен тұруды насихаттайтын, әйел мен ердің тең құқығын ашық түрде жоққа шығаратын азаматтар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары аталған түзетулерді мақұлдаған.

Құжатта азаматтарды ұлтына, нәсіліне, дініне қарай кемсіткендер немесе басымдық бергендерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Діни неке қию рәсімін жасап, алайда заңды түрде некеге тұрмағандарға да жауапкершілік енгізіледі.

Одан бөлек заң қоғамдық орындарда жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімге тыйым салады. Бұл үшін де әкімшілік жауап қарастырылған. Түзетулерге сәйкес, азаматтар қандай әкімшілік жауапқа тартылатыны әзірге белгісіз.

Палатаның баспасөз қызметі заңда көрсетілген шаралар Франция, Австрия, Дания, Бельгия, Болгария, Швейцария, Түркия, Марокко, Қазақстан, Үндістан мен Индонезия сияқты бірқатар елдерде де қолданылатынын айтады.

Депутаттардың мәлімдеуінше, заң жобасы "этносаралық келісімді, толеранттылық пен әйел мен бала құқығын қорғауды нығайтуға оң ықпал етеді".

Төменгі палата депутаттары екінші оқылымда қараған және қабылдаған заң жобасы сенат мақұлдағаннан кейін күшіне енеді, кейін оған президент қол қояды.

Өзбекстанда көп әйел алуға тыйым салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG