Accessibility links

Ресейдің Донецк облысы Константиновка қаласындағы базарға шабуылынан 17 адам қаза тапты


Константиновка қаласына жасалған шабуыл 6 қыркүйек 2023 жыл.

Бүгін, 6 қыркүйекте Ресей әскері Донецк облысы Константиновка қаласындағы базарға артиллериямен шабуылдап, кемі 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Азаттықтың Украина қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, жергілікті билік 28 адамның зардап шеккенін айтады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский шабуылдан қаза тапқандар саны өсуі мүмкін екенін мәлімдеді.

"Ресейлік террористердің артиллериясы Донецк облысы Константиновка қаласында 16 адамды өлтірді. Қарапайым базар, дүкендер, дәріхана. Жазықсыз адамдар. Жараланғандар көп. Өкінішке қарай, қаза тапқандар мен жараланғандардың саны өсуі мүмкін" деген ед3 Зеленский шабуылдың алғашқы сағаттарында.

Украина премьер министрі Денис Шмыгаль қаза тапқандардың бірі бала деп хабарлады.

Ресейдің кремлшіл телеграм каналдары "Константиновка қаласында Оңтүстік-Сахалиндік 38-әскери корпусы шабуылдап, жанар-жағармай сақталған қойма жойылды" дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG