Accessibility links

Қазақстан билігі АЭС салу бойынша референдумды 2023 жылы өткізуге дайын


Алматы облысы Үлкен ауылындағы АЭС құрылысына байланысты жария талқы. 20 тамыз 2023 жыл.
Алматы облысы Үлкен ауылындағы АЭС құрылысына байланысты жария талқы. 20 тамыз 2023 жыл.

6 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан АЭС салу бойынша референдумды биыл өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ОСК өкілі Шавкат Өтемісовке сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"[Референдум бойынша] мәселе әлі шешілген жоқ, бірақ оның өткізілетіні, нақты уақыты кейін анықталатыны айтылды. Дайындық жұмыстары, сайлаушылар тізімін түзу жүріп жатыр. Жұмысты біздің аумақтық сайлау комиссиялары жүргізуге тиіс. Біз дайынбыз" деді Өтемісов мәжіліс кулуарында.

Өтемісов референдумның нақты уақытын "белгісіз" деп айтпады. Ол ОСК референдумды 2023 жылы өткізуге үлгереді деп мәлімдеді.

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында қоғамда қызу талқыланып жатқан атом электр станциясын салу мәселесін "референдум арқылы шешкен дұрыс" деп мәлімдеген.

Қазақстан билігі АЭС бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ деумен келеді. Ал кейбір экологтар "билік станция салу мәселесін баяғыда халықсыз-ақ шешіп қойған, енді тек көзбояушылық арқылы халықпен санасқандай кейіп танытып жатыр" деп, жуырда Үлкен ауылында өткен "жария талқылауды" меңзеген.

"АЭС салуға қолайлы орын" деп танылған Алматы облысы Үлкен ауылында 22 тамызда АЭС бойынша жария талқылау өтіп, қарама-қайшы көзқарастағы адамдардың айғай-шуымен аяқталған. Шарадан кейін энергетика министрлігі "Үлкен ауылының тұрғындары АЭС-ті қолдайды" деп мәлімдеді. Ал оған қатысқан өзге өңірлерден барған экологтар, белсенділер "АЭС салу мәселесін тек Үлкен емес, тұтас республика халқы шешу керек" деп айтқан.

"Тоқаев, рақмет!" немесе АЭС бойынша жария талқы қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:56 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG