Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі тұтқындарды әскери тіркеуге алуды сұрады


Ресей қорғаныс министрлігі тұтқындарды әскери тіркеуге алуды сұрады. Тіркеуге алу жөнінде өзгертулерді енгізу жобасы құқықтық актілердің ресми порталында жарияланды.

Оған сәйкес, жабық мекемелерде жазасын өтеп жатқан азаматтар әскери комиссариаттарға бармастан арнайы тәртіпте абақтыда тіркеуге алынады.

"Ерекше әскери тізімді қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелері мен әскери комиссариаттар жасайды" деп жазылған жобада.

Әскери қызметін өтеуге міндеттілердің тізімдері түрмелер мен колонияларда түзіледі.

Әскери тіркеуге алу бойынша қазіргі жобада жаза мерзімін өтеп жатқан азаматтар тіркеуге алынбайды деп жазылған. Қорғаныс министрлігі дәл осы тармақты жоюды көздейді.

Маусым айында мемлекеттік дума екі оқылымда әскери қызметке тартылған жеңіл және орташа ауыр жазамен сотталған тұтқындарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуды көздейтін заң жобасын қабылдаған.

Ресейде Украинадағы соғысқа түрмедегі тұтқындарды тартумен "Вагнер" жекеменшік әскери тобының жетекшісі Евгений Пригожин (ресми мәлімет бойынша, жуырда Ресейдің Тверь облысында ұшақ апатынан қаза болған) айналысқан. Биыл жылдың басында Пригожин тұтқындарды соғысқа тартуды доғарғанын, енді онымен қорғаныс министрлігі айналысатынын мәлімдеген. Мұны BBC-дің зерттеуі де дәлелдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG