Accessibility links

Ресей Одесса облысына бес күнде төрт рет шабуыл жасады


Одессадағы жарылыстан кейін өртті сөндіріп жатқан жұмысшылар. 3 қыркүйек 2023 жыл.
Одессадағы жарылыстан кейін өртті сөндіріп жатқан жұмысшылар. 3 қыркүйек 2023 жыл.

Ресей әскері 7 қыркүйекке қараған түні Украинаның Одесса облысын "Шахед" дрондарымен атқылады. Ресей Одесса облысына соңғы бес күнде осымен төртінші рет шабуыл жасап отыр, деді Одесса облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Кипер.

Шабуылдан бір адам зардап шекті. Бірнеше елді мекенде азаматтық және порт инфрақұрылымы, элеватор, әкімшілік ғимараты бүлінген. Оқиға орнында жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр, деді жергілікті билік.

Украинаның әуе күштері таңертеңгі хабарламасында бейсенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаның Одесса және Сумск облысына әуеден соққы жасады деп хабарлады. 33 камикадзе-дрон ұшырылған, 25-і – атып түсірілген.

Бір күн бұрын Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Константиновка қаласының орталық базарын атқылаған.

Украина президенті Владимир Зеленский Константиновкаға жасалған шабуылды Ресей әскерінің "қасақана соққысы" деп атады.

XS
SM
MD
LG