Accessibility links

Ташкент полициясы "Сирияда соғысқан" өзбек азаматының қаза болғанын хабарлады


Азаттықтың Өзбек қызметінің дерегінше, бұл "Қатибат әл-Имам әл-Бұқар" террористік тобының негізін қалаушылардың бірі Акмаль Жорабаевтың суреті.

Ташкент полициясы "Сирияда соғысып жүрген "Қатибат әл-Имам әл-Бұқар" террористік ұйымының негізін қалаушы" өзбекстандық Ұлықбек Бабамұратов қаза болғанын хабарлады.

Полицияның айтуынша, 51 жастағы Бабамұратов 2009-2010-жылдары Термез қаласында "жихадшылар жамағатын құрған". 2011 жылы бұл топтың мүшелерінің дені қамалған. Ол кезде Ресейде тұратын Бабамұратов және топтың бірнеше мүшесі Түркия арқылы Сирияға өткен.

Өзбек милициясы Ұлықбек Бабамұратов 2013 жылы Сирияда "Қатибат әл-Имам әл-Бұқар" террористік ұйымын құрды" дейді. Сол жылы оның үстінен "тыйым салынған ұйымды құру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған.

Дегенмен аталған топ пен оның жетекшілері туралы ақпаратқа қол жеткізген Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, аталған террористік ұйымның жетекшілері тізімінде Ұлықбек Бабамұратовтың аты-жөні жоқ.

2018 жылы наурызда АҚШ бұл ұйымды террористердің тізіміне енгізген.

"Қатибат әл-Имам әл-Бұқар" 2013 жылы Башар Асад режиміне қарсы соғысып танылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG