Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open турнирінде аралас разрядтағы спортшылар арасында чемпион атанды. Бұл Данилинаның "Үлкен шлем" турниріндегі алғашқы жеңісі.
Нью-Йоркте өткен турнирдің финалында 28 жастағы Анна Данилина 34 жастағы фин спортшысы Харри Хелиоваар екеуі америкалық Джессику Пегулу мен Остин Крайчекті жеңді. Ойын бір сағат 15 минутқа созылды.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, US Open басталғанға дейін Данилина бірге ойнаған спортшы Харри Хелиоваармен таныс болмаған.
Федерация өкілдері Данилинаны жұп ойынындағы ең үздік ойыншы деп санайды.
Былтыр Данилина бразилиялық Беатрис Аддда Майя екеуі Australian Open турнирінде екінші орын алған.
Анна Данилина Мәскеуде туған, бұрын Ресей атынан ойын көрсеткен. 2011 жылдан бері Қазақстан атынан шығып келеді.