Accessibility links

Түнде ресейлік дрондар – Киевке, украиналық ұшқышсыз аппараттар Қырымға шабуыл жасады


Жексенбіге қараған түні Ресей "Шахед" дрондарымен Киевке шабуыл жасады. Киев қалалық әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попко әуе қорғанысы 20-дан астам дронды атып түсіргенін хабарлады.

"Дрондар астанаға жан-жақтан топ-топ болып кірді" деді ол.

Киевтің Шевченко ауданында дрон бөлшектері көп қабатты тұрғын үйдің пәтерін бүлдірген. Бірақ дрондардың басым бөлігі ғимарат жоқ жерлерге түскен. Көліктер, троллейбус линияларының электр желілері, жол бұзылған. Киев мэрі бір адамның зардап шеккенін хабарлады.

Бұған қоса, жексенбіге қараған түні Харьков облысында Изюм және Купян аудандары шабуылға ұшыраған. Днепропетровск облысындағы Никополь қаласына үш ракета түскен.

Ресей қорғаныс министрлігі украин дрондары аннексияланған Қырымға шабуыл жасағанын хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, ресейлік әуе қорғанысы түбекке кіреберісте ұшақ тектес 8 дрон атып түсірген.

Ресей қорғаныс министрлігі түнде Қара теңізде "Қырым жағалауына бағыт алған жылдам жүретін АҚШ-та шығарылған Willard Sea Force 8 әскери катері жойылғанын" хабарлады. Ресей билігі катерде Украина қарулы күштерінің десанттар тобы болғанын айтты. Украина жағы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

XS
SM
MD
LG