Accessibility links

Ресейдің Белгород облысында екі дрон құлатылған


Ресейдің Белгород облысының билігі 11 қыркүйекке қараған түні Яковлев қалалық округінде екі дрон құлатылғанын хабарлады. Мұны губернатор Вячеслав Гладков айтты.

Облыс басшысының ақпаратына қарағанда, зардап шеккендер жоқ. Дрондарды әуе қорғанысы атып түсірген. Дрон сынықтарының бірі тұрғын үйлер арасындағы жолға түскен. Дрон құлатылғанын Ресей қорғаныс министрлігі де растады.

Бұған дейін Белгород облысының Шебекин қалалық округінде дайындық күшейтілуіне байланысты сайлаудың дауыс беру күні кейінге қалған.

  • Украинаға жаппай басып кірген соң Ресейдің шекара өңірлеріне украин қарулы күштерінің дронмен шабуыл жасағаны туралы ақпарат көбейген. Киев мұндай шабуылдар туралы түсініктеме бермеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG