Accessibility links

Қырғызстан қоғам белсендісі Зарина Торокулованы екі ай абақтыға қамады


Зарина Торокулова
Зарина Торокулова

11 қыркүйекте Бішкек соты өткен аптада Қырғызстанда ұсталған қоғам белсендісі Зарина Торокулованың екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Белсендіні қамау жөнінде арнаулы қызметтің тергеушісі ұсыныс жасаған. Торокулова Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында кемі 30 қазанға дейін қамауда болады.

Торокулованы өткен аптада қырғыз арнаулы қызметі ұстаған. Жергілікті БАқ хабарына қарағанда, оны "жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар" деп айыптаған, бірақ нақты қай іс бойынша қамауға алынғаны нақтыланбаған.

Торокулованың адвокаты мен туыстары әзірге пікір айтқан жоқ. Зарина Торокулова әлеуметтік желіде билікті сынаушылардың бірі ретінде танылған. "Мұнан өзге ол туралы егжей-тегжейлі ақпарат жоқ" деп жазады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

  • Былтыр қазанда Қырғызстанның 27 саясаткері мен қоғам белсендісі "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды" деген күдікпен қамауға алынған. Сегіз айға жуық тергеу жүріп, 2023 жылдың маусымында іс сотқа өткен. "Кемпір-Абад ісі" аталған бұл істі белгісіз себеппен билік биыл қаңтарда құпиялап тастаған. Бұл іс бойынша 14 айыпталушының қамауда қала беретіні тамызда мәлім болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG