Accessibility links

Қазақстан СІМ басшысы түрік әріптесімен екіжақты қатынастарды талқылады


Түркия сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фидан
Түркия сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фидан

11 қыркүйекте Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Астанада екіжақты қатынастарды талқылаған. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

Кеңейтілген отырыс кезінде Фидан Қазақстан мен Түркия "тек бауырлас елдер ғана емес, стратегиялық серіктес елдер" деген.

Мұрат Нұртілеу 3 қарашада Түркістанда өтететін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысу үшін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келетінін хабарлады.

Түркі мемлекеттері ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстан мүше. Түрікменстан мен Венгрияның бақылаушы мемлекет мәртебесі бар.

Хакан Фидан Түркия сыртқы істер министрі ретінде Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Ол сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Түркия арнаулы қызметінің (Түркия ұлттық барлау ұйымы) басшысы қызметін 13 жыл атқарған.

Мұрат Нұртілеу 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше апта ҰҚК төрағасының орынбасары болған. Одан соң 14 ай президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарып, биыл сәуірде премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG